Германияда қаза болған қазақстандық экс-судья туралы тың мәлімет жарияланды

Экс-судья 4 маусым күні жоғалып кетті

Админ
20/06/2024 - 16:54

Фото: Bild

Фото: Bild

Германияда өлтірілген қазақстандық экс-судьяның қолынан, мойнынан және бетінен пышақ жарақаттары табылды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

40 жастағы Айгүл Сайлыбаева Шеффилдте (Англия) білім алған, кейін Астанада судья болып жұмыс істеген. Соңғы жылдары ол күйеуімен, қызымен және енесімен бірге Германияның Бенсхайм қаласында тұрған.

4 маусым күні таңертең Сайлыбаева екі жасар қызы Жаклинді балабақшаға алып кеткен. Содан бері оны ешкім көрмеген. Жексенбі күні оның денесі полиэтилен пакетіне оралған күйінде қаланың шетінен табылды. Басылым мәліметінше, жәбірленушінің қолында, мойнында және бетінде пышақ жарақаттары бар екені анықталды.

«Біз төбелес болды деп болжап отырмыз. Әйел адамға шабуыл жасалды және ол өзін-өзі қорғаған болуы керек», - деді тергеуші.

Прокуратура бұл іс бойынша әлі күдікті жоқ деген жауап берді.

Сайлыбаевамен бір уақытта оның ресейлік 49 жастағы енесі Наталья Донцова да жоғалып кеткен. 4 маусымда ол немересін балабақшадан алып, үйіне келген. Содан бері оны ешкім көрмеген.

Қазір Жаклин әкесімен бірге. Марқұмның 35 жастағы ағасы Қанат Сайлыбаев Германияға Қазақстаннан барған. Ол өзінің қарындасын туған жерінде жерлейтінін айтты.

«Қарым-қатынасымыз өте тығыз болды. Біз қатты уайымдадық. Бұл Айгүлге мүлдем жат қылық еді. Ол әдетте бес минут ішінде хабарламаларға жауап беретін. Ата-анамыз онымен күнде телефон арқылы сөйлесіп жүретін. Соңғы рет 3 маусымда хабарласқан.

Айгүл өте ашық, жауапты адам болатын. Ол қызын бәрінен де жақсы көретін, аяулы ана еді. Айгүлдің өліміне кім кінәлі болса, лайықты жазасын алып, әділдік орнайды деп сенемін», - деді ол.

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4