Украинаның шабуылынан Адыгеяда мұнай базасы өртенді

Алаңы 400 шаршы метрді құрайтын базада өрт шыққан

Админ
20/06/2024 - 12:37

Фото: unsplash.com

Фото: unsplash.com

Адыгеядағы мұнай базасы украиналық ұшқышсыз ұшақтың соққысынан өртенді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Адыгея Республикасының басшысы Мурат Кумпилов түнде украиналық ұшқышсыз ұшақтардың Тахтамұқай ауданының Энем ауылындағы мұнай базасына шабуыл жасағанын айтты.

Оның айтуынша, алаңы 400 шаршы метрді құрайтын базада өрт шыққан. Кумпилов жазғандай, таңғы алтыға қарай өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.

Ресей телеграм арналарының хабарлауынша, Адыгеяда Энем ауылында орналасқан Лукойл компаниясының мұнай базасына шабуыл жасалған.

Осыған дейін Ресей қорғаныс министрлігі бейсенбіге қараған түні 15 украиналық дрон Ресейдің әртүрлі аймақтарында атып түсірілгенін, оның алтауы Адыгея, үшеуі Краснодар үстінде болғанын хабарлады.

Сондай-ақ Адыгеямен көршілес Краснодар жерінде орналасқан Афипский мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасалғаны хабарланды.

Афипский және Энем ауылдарындағы зауыт пен мұнай базасы бір-бірінен бірнеше шақырым жерде орналасқан, бірақ біріншісі Краснодар өлкесіне, екіншісі Адыгея Республикасына жатады.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85