Қазақстанда тәуелсіз кассациялық соттар құрылатын болды

Енді Жоғарғы Соттың рөлі өзгереді

Админ
19/06/2024 - 11:39

Фото: freepik

Фото: freepik

Қазақстанда іс жүргізу түрлері бойынша тәуелсіз кассациялық соттар құрылатын болады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы 2023 жылы 12 қыркүйекте отандық бизнес өкілдерімен кездесуде дербес кассациялық саты құру мәселесі бойынша заңгерлер және кәсіпкерлер қауымымен консультациялар өткізу қажеттілігін атап өтті.

Осыған орай заң жобасы аясында ҚПК, АПК, ӘРПК дербес кассациялық соттарды құруға байланысты тиісті түзетулер енгізіледі.

«Жаңа редакцияға сәйкес Жоғарғы Соттың рөлі өзгереді. Сот төрелігін тек жергілікті және кассациялық соттар ғана жүзеге асырады. Жоғарғы Соттың негізгі мақсаты сот тәжірибесін нақтылау және біркелкілігін қамтамасыз ету болады.

Осыған байланысты Жоғарғы Сот судьясының бастамасы бойынша жоғары сот органы жергілікті соттардың шешімдерін ерекше жағдайларда қайта қарайды: егер сот тәжірибесіне қайшы келетін шешімдер қабылданса немесе құқықты дамыту мүддесінде қайта қарауды талап етсе. Сондай-ақ Жоғарғы Сот төрағасының өкілдігі институтын жою ұсынылып отыр», - делінген хабарламада.

×

Редакция

$ 488.45  529.19  5.04