Украинаның бас прокуроры: Соғыс басталғалы 551 бала қаза тапты

Ресейдің шабуылынан Украинада кемінде 1939 бала зардап шекті

Админ
19/06/2024 - 14:27

Фото: Euronews

Фото: Euronews

Украинаның бас прокуроры Ресейдің агрессиясынан соғыс басталғаннан бері 551 бала қаза тапқанын мәлім етті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

2024 жылдың 19 маусымындағы таңғы жағдай бойынша кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі прокурордың ресми ақпараты бойынша қаза тапқандардан бөлек, кемінде 1388 бала әртүрлі деңгейде жарақат алды.

Олардың көпшілігі мына облыстарда зардап шекті: Донецк – 539, Харьков – 390, Херсон – 152, Днепропетровск – 151, Киев – 130, Запорожье – 108, Николаев – 107.

Соңғы бес күнде Ресей әскерінің шабуылынан 9 бала зардап шекті.

17 маусымда Полтаваны атқылау нәтижесінде 7 және 17 жастағы екі қыз бала, сол сияқты 6, 8, 10 және 11 жастағы төрт ұл бала зардап шекті.

16 маусымда Донецк облысының Новая Полтавка ауылында атылған оқтан 4 және 7 жастағы екі бала зардап шекті.

16 маусымда Харьков облысы Изюм ауданы Пески ауылын атқылау нәтижесінде 13 жасар бала жараланды.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85