Кентаулық оқушы жинап жүрген ақшасын су басқан өңірге жіберген

Тоқаев мектеп оқушысының ата-анасына алғыс айтты

Админ
19/06/2024 - 12:58

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Кентау қаласында тұратын Гауһар Шаймерден есімді оқушы қыздың ата-анасына отаншыл ұрпақ өсіріп жатқаны үшін алғыс айтты. Ол өзі жинап жүрген қаржысын Құлсары қаласының тұрғындарына аударған. Сонымен қатар Атырау облысының тұрғындары – тоқсаннан асқан Орынша Тоқтыбаққызы мен Әлия Досмұханованың ерен еңбегін ерекше атап өтті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұдан бөлек, Президент көмек бергені үшін бауырлас мемлекеттерге, халықаралық компаниялар мен ұйымдарға ризашылығын білдірді.

– Нағыз достық қиындықта сыналады деп тектен-тек айтпайды. Кейбір шетелдік азаматтар зардап шеккен адамдарға жәрдемдесу үшін арнайы келді. Осы сәтті пайдаланып, қиын-қыстау шақта қолдау білдіргені үшін шетелдік серіктестерімізге және достарымызға шын жүректен ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, су тасқыны кезінде халқымыз бірлігі бекем, ынтымағы берік ел екенін көрсетті.

– Алапат су тасқындап келіп қалғанда, отандастарымыз табиғат апатымен күресіп жатқан құтқарушыларға көмек қолын созды. Олар су басқан аймақтарда жауапты қызмет мекемелеріне жәрдемдесіп, жанқиярлықпен әрекет етті әрі батылдық танытты. Көбі адамдар мен жануарларды өз көліктерімен қауіпсіз жерге алып шықты. Мыңдаған жанашыр азамат тасқын судан қорғайтын бөген салуға қатысты. Ортақ күш-жігердің арқасында біз жағдайдың ушығып кетуіне жол бермедік, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

×

Редакция

$ 488.45  529.19  5.04