Хуситтердің шабуылынан Қызыл теңізде бірнеше кеме батып кетті

Теңізшілердің бірі ауыр жарақат алды

Админ
19/06/2024 - 12:31

Фото: Indian Navy/AP Photo/picture alliance

Фото: Indian Navy/AP Photo/picture alliance

Йемендік хусит көтерілісшілері Қызыл теңізде екінші жүк кемесін суға батырған болуы мүмкін. Бұл туралы Британ Әскери-теңіз күштері жанындағы Теңіз сауда көлігін үйлестіру орталығы (UKMTO) мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.

Ұйымның соңғы мәліметтері бойынша, Грекияға тиесілі «Тутор» көмір балкерінің орналасқан жерінен тек сынықтар мен мұнай табылған.

«Билік кеменің соңғы тіркелген орнында табылған сынықтар мен жанармайдың төгілгенін хабарлады», - деді UKMTO.

12 маусымда Йеменнің әл-Ходейда қаласынан шамамен 120 шақырым жерде бұл кемеге зымыранмен, жарылғыш заттар толтырылған қашықтан басқарылатын қайықпен шабуыл жасалды, нәтижесінде кеменің ішіне су толып кетті. Экипаж америкалық Philippine Sea зымыран крейсеріне эвакуацияланды, ал сауда кемесі дрейфке жіберілді. АҚШ Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) хабарлауынша, кеменің қозғалтқыш бөлмесінде болған деп болжанған экипаж мүшелерінің бірі із-түзсіз жоғалып кеткен.

«Тутордан» басқа, жақын арада «Вербена» жүк кемесі де батып кетуі мүмкін. Украинаға тиесілі «Вербена» жүк кемесінің экипажы (Палау елінің туының астында жүреді және оны Польша басқарады) кемеге Аден шығанағында йемендік көтерілісшілер шабуыл жасағаннан кейін эвакуацияланды», - деп хабарлады UKMTO.

Теңізшілердің бірі ауыр жарақат алды, ал кеменің өзі отқа оранып, суға бата бастағаны белгілі болды.

Йемендік топтың өкілі Яхья Сари Telegram желісінде жүк кемесі суға батып кеткенін хабарлады. Жараланған теңізші тікұшақпен Philippine Sea-дан басқа кемеге медициналық көмек көрсету үшін жеткізілді.

×

Редакция

$ 490.84  536.88  5.04