Ол Харьков облысындағы жағдай туралы айтты
Украина президенті Владимир Зеленский Батыс елдерінің қаруымен Харьков облысындағы Ресей әскеріне жасалған соққы басқыншылардың қарқынын бәсеңдеткенін мәлім етті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Зеленскийдің айтуынша, Харьков облысындағы жағдайға Украина қарулы күштерінің шекара маңындағы ресейлік позициялары мен зымыран қондырғыларын жоюы әсер етті.
«Дәл біз күткендей әсері болды. Қазір, маусым айының өзінде майданның түрлі салаларындағы шайқастардың нәтижесін көріп отырмыз. Жауынгерлердің бәріне алғыс айтқым келеді», - деді Украина президенті.