«Қаңтар оқиғасының қатысушыларымен байланысы бар»: бірнеше өңірде қылмыстық топ ұсталды

Олардан атыс және травматикалық қару, есірткі мен оқ-дәрі тәркіленді

Админ
19/06/2024 - 10:03

Фото: Видеодан скриншот

Фото: Видеодан скриншот

ІІМ Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық топтарды жою бойынша арнайы жұмысты жалғастырып жатыр. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

17 маусым күні Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында ауыр қылмыстар жасаған, оның ішінде кәсіпкерлерді бопсалады деп күдікке ілінген қылмыстық топтың мүшелерін ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді.

Топ мүшелерінің «қаңтар оқиғасының» белсенді қатысушыларымен байланысы бар екендігі анықталды.

Полицияға 20 күдікті жеткізілді. 40-тан астам іздестіру шаралары өткізілді. Атыс және травматикалық қару, есірткі мен оқ-дәрі тәркіленді.

Тергеу Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша жүргізілуде. Тергеу мүддесінде өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91