Алаяқтардың телефон нөмірін қалай анықтауға болады?

Бот дерекқордағы телефон нөмірлерінің тізімін пайдаланады

Админ
19/06/2024 - 09:54

Фото: Shutterstock/FOTODOM

Фото: Shutterstock/FOTODOM

Астана прокуратурасы алаяқтардың нөмірін анықтайтын WhatsApp ботын әзірледі, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Бот дерекқордағы телефон нөмірлерінің тізімін пайдаланады, талдау жүргізеді және бұл нөмірді қылмыстық мақсатта пайдалану тарихын ескереді.

Анықтау үшін күдікті телефон нөмірлерін 8 (747) 680-02-10 WhatsApp-қа жіберу керек.

WhatsApp бот тауарларды сатып алу немесе сату, сондай-ақ әртүрлі қызметтерді алу кезіндегі алаяқтық әрекеттерден қаржылық шығындар мен басқа да жағымсыз салдарлардың тәуекелдерін азайтуға көмектеседі.

Біз осы орайда боттың қызметін тексеріп көрдік. Күдікті нөмірлердің бірін жібергенімізде бот оның алаяқтарға тиесілі екенін анықтады.

«Бұл абоненттік нөмір алаяқтық деп бағаланғанын хабарлаймыз», - деп жауап берді.

×

Редакция

$ 471.46  504.79  5.53