Путин Украинадағы соғысты қолдағаны үшін Солтүстік Кореяға алғыс айтты

Путиннің КХДР-ға сапары 18-19 маусымға жоспарланған

Админ
18/06/2024 - 16:22

Фото: gazeta.ru

Фото: gazeta.ru

Ресей президенті Владимир Путин Солтүстік Корея билігіне Кремльдің Украинаға қарсы әрекетін қолдағаны үшін алғыс білдірді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ол бұл туралы Солтүстік Кореяның «Нодон синмун» газетіне «Ресей мен КХДР: жылдар бойы достық пен ынтымақтастық дәстүрі» атты мақаласында айтты.

Путиннің КХДР-ға сапары 18-19 маусымға жоспарланған.

Сапар Украина мен Батыстың Солтүстік Кореяны Ресейге үлкен көлемдегі оқ-дәрілер – артиллериялық снарядтар мен баллистикалық зымырандармен қамтамасыз етті деп айыптауы аясында өтеді.

«Біз КХДР-ды Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясын (Ресей билігі Украинаға қарсы соғысты осылай атайды) күшті қолдауын, негізгі халықаралық мәселелер бойынша бізбен ынтымақтастығын және Біріккен Ұлттар Ұйымында ортақ басымдықтар мен көзқарастарды қорғауға дайындығын жоғары бағалаймыз», - дейді Путин.

Тегтер

×

Редакция

$ 477.03  521.44  5.43