Ресей соты украиналық депутатты сырттай 10 жылға соттады

Украиналық депутатты қылмыстық қудалауға нақты не себеп болғаны белгісіз

Админ
18/06/2024 - 13:07

Фото: РИА Новости / Стрингер

Фото: РИА Новости / Стрингер

Украина Жоғарғы Радасының депутаты Алексей Гончаренконы Ресейдің 2-ші Батыс округтік әскери соты сырттай 10 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Гончаренко саяси жеккөрушілік (Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 207.3-бабы 2-бөлігі), терроризмді ақтау (Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205.2-бабы 2-бөлігі) және зорлық-зомбылық қаупімен жеккөрушілікті қоздыру (Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 282-бабы 2-бөлігі) негізінде «әскери фейктерді» таратқаны үшін кінәлі деп танылды.

Украиналық депутатты қылмыстық қудалауға нақты не себеп болғаны белгісіз, деп жазады агенттік.

Гончаренко – Петр Порошенконың Еуропалық ынтымақтастық партиясының Рада мүшесі.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85