АҚШ Солтүстік Корея мен Ресейдің қарым-қатынасына алаңдаулы

Путиннің КХДР-ға сапары екі күнге созылады

Админ
18/06/2024 - 12:54

Фото: Alexander Zemlianichenko / AP

Фото: Alexander Zemlianichenko / AP

Владимир Путиннің Пхеньянға сапары қарсаңында Ақ үй екі ел арасындағы қарым-қатынасқа байланысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Бізді бұл сапар алаңдатпайды. Бірақ бізді алаңдатып отырғаны – екі ел арасындағы қарым-қатынастың нығая түсуі», - делінген Ақ үй хабарламасында.

Кремль мен Солтүстік Кореяның БАҚ беттері осыған дейін Путиннің КХДР-ға сапары екі күнге созылатыны хабарлаған.

«Бірқатар құжатқа, оның ішінде «өте маңызды» құжаттарға қол қойылады», - деді Путиннің дипломатиялық кеңесшісі Юрий Ушаков.

АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Джон Кирбидің айтуынша, Америка Құрама Штаттары екі ел арасындағы қарым-қатынастың Украина халқына тигізетін әсеріне алаңдайды. Ресей армиясы Украинамен соғыста Солтүстік Кореядан жеткізілген баллистикалық зымырандарды пайдаланады. Ал екінші жағынан, Кирби «Корея түбегіндегі қауіпсіздікке әсер ететін кейбір өзара байланыс» болуы мүмкін деп алаңдайды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91