ҚР ТЖМ: Жыл басынан бері су айдындарында 76 адам құтқарылды

Маусым айының басынан бері 24 адам құтқарылды

Админ
18/06/2024 - 11:57

Фото: istockphoto.com

Фото: istockphoto.com

Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында еліміздің су айдындарында Төтенше жағдайлар министрлігінің 42 құтқару бекеті жұмыс істейді. Бұл туралы Sarbaz.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, 2025 жылы Шалқар, Имантау көлдерінде және Қосшы қаласында үш модульдік стансаның құрылысы аяқталады. Ірі су қоймаларына тағы 15 станса қажет.

Жазғы кезеңде қосымша мобильді бекеттер құрылады. Онда судағы кезекшілік және патрульдеу жұмыстары жүргізіледі. Жыл басынан бері 76 адам, маусым айының басынан бері 24 адам құтқарылды.

«Қазіргі уақытта заманауи катерлер, жүзу құралдарын және дрондарды жоспарлы түрде сатып алып жатырмыз. Сонымен қатар Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында Ұлттық теңіз жасағын құру жұмыстары жүргізілуде. Әкімдіктермен бірлесіп шомылу мен демалуға рұқсат етілген орындарды жылдан жылға ұлғайтып жатырмыз. Олардың саны бүгінде 708-ге жетті және барлығы «2GIS» платформасында көрсетілген. Маусым айының аяғына дейін тағы 33 жағажай ашылатын болады», — деді төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысы барысында.

Тегтер

×

Редакция

$ 478.93  534.96  5.16