Үкімет: Су тасқынын болжау жүйесі әзірленіп жатыр

Жүйеге төрт модуль кіреді: деректерді жинау, талдау, болжау және модельдеу

Админ
18/06/2024 - 10:18

Фото: ҚР ТЖМ / видеодан скриншот

Фото: ҚР ТЖМ / видеодан скриншот

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқынын болжау мен модельдеудің ақпараттық жүйесін әзірлеу бойынша кеңес өткізді. Бұл туралы Sarbaz.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мәліметке сәйкес, ақпараттық жүйеге төрт модуль кіреді: деректерді жинау, талдау, болжау және модельдеу. Ол «Қазақстан Ғарыш Сапары», «Қазгидромет» және «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығының» жедел және көпжылдық деректерін пайдаланатын болады.

«Жүйе су тасқыны, сел, көшкін қаупі бар учаскелер мен гидротехникалық құрылыстар бойынша ТЖМ деректер базасымен біріктіріледі.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі еуропалық Жерді қашықтан зондтау бағдарламасын қолдануды ұсынды. Сонымен қатар вице-премьер отандық цифрлық шешімдерді қарастыруды тапсырды.

Бұған қоса, ауқымды деректер көзін қалыптастыру үшін вице-премьер гидро және метеопосттардың санын көбейтуді, су айдындары мен өзендердің батиметриясын жүргізуді, сондай-ақ су тасқыны құбылыстары жиі орын алатын елді мекендердің «цифрлық рельефін» құруды тапсырды», - делінген хабарламада.

Тегтер

×

Редакция

$ 483.23  534.74  5.12