АҚШ Израильді қару-жарақпен қамтамасыз етуді қайта бастайды

Нетаньяху Израиль кез келген жағдайда қолында бар қару-жарақпен қорғанатынын айтқан болатын

Админ
18/06/2024 - 09:50

Фото: Bild

Фото: Bild

АҚШ таяу күндері Израильге қару-жарақ жеткізуді қайта бастайды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мамыр айында АҚШ билігі Газа секторының Рафах қаласына жасалған шабуылына байланысты Израильге қару-жарақ жеткізуді тоқтатқан болатын. Сол шабуылда жүздеген бейбіт тұрғын қаза тапқан.

Басылым мәліметінше, Беньямин Нетаньяху жақында АҚШ-ты қару-жарақ жеткізуді қалпына келтіруге шақырған. Ол бұл өтінішін Американың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенге жолдады.

Беньямин Нетаньяхудың айтуынша, қару-жарақ жеткізілімін тоқтату Израильдің ХАМАС мүшелерін ауыздықтауға нұқсан келтірді. Сонымен бірге, Нетаньяху Израиль кез келген жағдайда қолында бар қару-жарақпен қорғанатынын айтқан болатын.

Bild-тің хабарлауынша, Блинкен АҚШ-тың алдағы күндері шектеулерді алып тастап, Израильді көбірек қару-жарақпен қамтамасыз ететінін айтты.

×

Редакция

$ 495.2  522.34  4.94