Қазақ-қырғыз шекарасынан жүк көліктері неліктен өте алмай тұр?

Вице-премьер жауап берді

Sarbaz.kz редакторы
22/08/2023 - 23:31

Көрекі фото ашық дереккөзден

Көрекі фото ашық дереккөзден

Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қырғызстанмен арадағы шекарада жүк көліктерінің кептеліп тұрғанына түсінік берді. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін Үкімет отырысынан кейін тілшілер министрден Қырғызстанмен арадағы шекарада не себепті жүк көліктері өте алмай тұрғанын сұрады.

Ведомство басшысы министрлік коммерциялық жүкке қатысты ешқандай нұсқау бермегенін мәлімдеді.

«Ол жерде кеден жоқ, себебі ол ЕАЭО-ның ішкі шекарасы саналады. Менің білуімше, онда есірткіні тәркілеу операциясы ұйымдастырылған. Сондықтан қазір шекара қызметі мен ҰҚК тыңғылықты тексеру жасап жатқан болар», - деді Е. Жамаубав.

Бұдан бұрын Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы «Ақ-Тілек-автодорожный» бақылау-өткізу пунктінің алдында жүк көліктері кептеліп тұрғаны хабарланған еді.

Қырғызстан ҰҚК шекара қызметінің мәліметінше, 21 тамыздағы жағдай бойынша Қырғызстаннан мемлекеттік шекарадан өтуге кезекте 370-ке жуық автокөлік тұр.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91