Тоқаев жансақтау бөліміне түскен сарбаздың ісін мұқият зерттеуді тапсырды

Оқиға Жамбыл облысында болған

Админ
17/06/2024 - 16:13

Фото: Қорғаныс министрлігі

Фото: Қорғаныс министрлігі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жатқан сарбаздың комаға түсуіне қатысты анасының әлеуметтік желілерде жариялаған үндеуімен танысты. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Мемлекет басшысы болған оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеп, кінәлі адамдарды жазалауды талап етті.

Президент Қорғаныс министріне армияда мұндай жағдайға жол бермеу қажет екенін ескертіп, тергеу амалдарын бақылауға алуды тапсырды.

Айта кетейік, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының сарбазы Қордай орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне түсті.

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің берген мәліметіне сүйенсек, сарбаздың жағдайы әзірге әлі де ауыр жағдайда.

Тегтер

×

Редакция

$ 474.26  514.48  5.43