НАТО ядролық дайындыққа келтірілуі мүмкін

НАТО Ресей мен Қытайдан үрейленіп отыр

Админ
17/06/2024 - 14:52

Фото: AFP / Kenzo Tribouillard

Фото: AFP / Kenzo Tribouillard

НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг ұйым Ресей мен Қытайдан келетін қауіпке байланысты ядролық қаруды дайындыққа қоюды талқылап жатқанын мәлім етті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Йенс Столтенберг альянс қарсыластарына тікелей сигнал беру үшін өзінің ядролық арсеналын бүкіл әлемге көрсетуі керек деді.

«Мен қанша ядролық оқтұмсықтың дайындықта болуы және олардың қаншауы сақтауда болуы керектігі туралы егжей-тегжейлі айтпаймын. Бірақ біз бұл мәселелер бойынша кеңесуіміз керек. Қазір дәл осылай істеп жатырмыз», - деді Столтенберг.

Сонымен бірге, оның айтуынша, НАТО-ның мақсаты – «ядролық қарусыз әлем».

«Ядролық қару бар кезде біз ядролық одақ болып қала береміз. Өйткені Ресей, Қытай және Солтүстік Корея елдерінде ядролық қару бар. Ал оның НАТО-да болмауы әлемге қауіпті», - деді ол.

Альянстың бас хатшысы Қытайдың қазіргі заманғы қару-жараққа, оның ішінде ядролық арсеналына қомақты қаржы құйып жатқанын, 2030 жылға қарай бұл оқтұмсықтың 1000-ға дейін өсетінін еске салды.

Сондықтан, Столтенбергтің айтуынша, жақын арада НАТО «ядролық күштері бар екі әлеуетті қарсылас – Қытай мен Ресейге тап болуы мүмкін».

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85