Қазақстанда жол-көлік оқиғасы күрт өсті

Жол-көлік оқиғасынан 542 адам қайтыс болды

Админ
17/06/2024 - 14:27

Фото: Polisia.kz

Фото: Polisia.kz

Осы жылдың 4 айында елімізде жол-көлік оқиғаларының саны 80 пайыздан астам өсті. Барлығы 6 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Апатқа кінәлі жағдайлар:

  • 2,1 мың жағдайда жол-көлік оқиғасына жеңіл көлік жүргізушілердің кінәсінен болған;
  • 194 жол-көлік оқиғасы жаяу жүргіншілердің кінәсінен болған;
  • Мопед жүргізушілері кінәлі болған 111 жол-көлік оқиғасы;
  • 70 жол-көлік оқиғасы автобус жүргізушілерінің кінәсінен болған;
  • 56 жол-көлік оқиғасы жүк көлігі жүргізушілерінің кінәсінен;
  • 7 жол-көлік оқиғасы – шағын электр көліктері жүргізушілерінің кінәсінен (электрлі самокаттар мен мопедтерден басқа);
  • 5 жол-көлік оқиғасы велосипедшілердің кінәсінен болған;
  • 4 апатқа электроскутер жүргізушілер кінәлі.

Осы жылдың қаңтар-сәуір айларында жол-көлік оқиғаларының салдарынан 8,1 мың адам зардап шекті. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 70 пайызға дерлік өсті. 542 адам қайтыс болды.

Өңірлер бойынша ең көп зардап шеккендер Алматыда болды: 1,9 мың адам. Одан кейін Жамбыл облысы (745 адам, +48,7%), Алматы облысы (693 адам, +37,2%), Шымкент (615 адам) және Маңғыстау облысы (553 адам).

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85