Швейцария президенті: Путин ордерге қарамастан келесі Бейбітшілік саммитіне қатыса алады

Ол Ресейдің алдағы талқылаулар мен келіссөздерге қатысуы қажет екенін айтты

Админ
17/06/2024 - 12:50

Фото: EPA-EFE/REX/Shutterstock

Фото: EPA-EFE/REX/Shutterstock

Ресей президенті Владимир Путин Халықаралық қылмыстық соттың қамауға алу туралы ордеріне қарамастан, Швейцарияда болуы мүмкін келесі Бейбітшілік саммитіне қатыса алады. Бұл туралы Швейцария президенті Виола Амхерд мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Виола Амхерд Ресейдің алдағы талқылаулар мен келіссөздерге қатысуы қажет екенін, сонымен бірге Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы сақталуы тиіс екенін атап өтті.

Президенттің сөзін Швейцарияның сыртқы істер министрі Иньяцио Кассис растады.

«Мұны біздің заңымызға сәйкес ұйымдастыруға болады. Әрине, біз мұны Халықаралық қылмыстық сотпен бірлесіп істеуіміз керек. Бірақ қабылдаушы мемлекет бұл мәселеде ерекшелік жасай алады», - деді Кассис.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91