Канада Украинаға 38 млн доллар беретін болды

Қаражат Украинаның қатты зақымданған энергетикалық инфрақұрылымын қалпына келтіруге жұмсалады

Админ
17/06/2024 - 10:55

Фото: Sean Kilpatrick/ZUMA Press/IMAGO

Фото: Sean Kilpatrick/ZUMA Press/IMAGO

Канада Украинаға 38 миллион доллар көлемінде көмек пакетін береді. Бұл туралы Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо Швейцариядағы Украина бойынша бейбіт конференцияда мәлім етті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Пакеттің ең үлкен бөлігі – шамамен 14,5 миллион доллар Украинаның қатты зақымданған энергетикалық инфрақұрылымын қалпына келтіруге жұмсалады. Ал 11,2 миллион доллар Украинаны Еуропа Одағына кіруге дайындайтын реформаларды жасауға, сондай-ақ елді минадан тазартуға жұмсалады.

Сонымен қатар, 10,8 миллион доллар соғыстан зардап шеккен балалар мен жасөспірімдерге қолдау көрсету, депортацияланған украиналық балаларды отанына қайтару үшін мүмкіндіктер жасау, әскери қылмыс құрбандарына көмек көрсету, соғыс кезінде жыныстық зорлық-зомбылыққа қарсы әрекеттер сияқты гуманитарлық мақсаттарға жұмсалады.

Сол сияқты 1,45 миллион доллар Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) көмегімен Украинадағы атом энергетикасы нысандарының қауіпсіз жұмысын қолдауға бағытталады.

Айта кетейік, АҚШ-тың вице-президенті Камала Харрис Швейцариядағы саммиттің бірінші күні Киевке энергетикалық инфрақұрылымын қалпына келтіру және гуманитарлық көмек үшін 1,5 миллиард доллардан астам қаржы бөлетінін айтты.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85