Ресейдің екі облысында әуе шабуылы туралы дабыл қағылды

Украиналық дрондар Ресейдің әртүрлі аймақтарына шабуыл жасады

Админ
17/06/2024 - 09:41

Фото: Укринформ

Фото: Укринформ

Ресейдің Воронеж және Липецк облыстарында әуе шабуылы туралы дабыл қағылды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттік мәліметіне сүйенсек, украиналық ұшқышсыз ұшақтар өткен түнде Ресейдің әртүрлі аймақтарына шабуыл жасады. Бұған қоса, осыдан сәл бұрын Краснодар өлкесінің Тихорецк қаласында жарылыс пен атыс болғаны туралы ақпарат тарады.

Айта кетейік, жуырда Украина территориясының басым бөлігінде дрондар соққысы мен авиация қаупіне байланысты әуе дабылы жарияланған болатын. Украинаның түрлі аймақтарында «шахед» дрондарының бірнеше тобы ұшырылғаны, сондай-ақ ресейлік бомбалаушылардың қаупі туралы хабарланды.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85