Көпбалалы отбасыларға көмек көрсетілді
Атырау гарнизонының әскери қызметшілері жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясына қолдау көрсетті. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Биыл олар көпбалалы отбасылардан шыққан 60-тан астам бастауыш сынып оқушысына 1 қыркүйекке дайындалуға жәрдем жасады.