Жер сілкінісі қатты сезілмеді
Жер сілкінісі Алматыдан 58 шақырым жерде Қазақстан аумағында болды, деп хабарлайды Sarbaz.kz Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «ННЦНИ» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 15 маусымда Астана уақыты бойынша сағат 18.24-те жер сілкінісін тіркеді», - делінген сенбі күні хабарламада.
Жер сілкінісінің сезілмей тіркелгені атап өтілді.
«Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан солтүстік-батысқа қарай 58 шақырым жерде болды», - деп түсіндірді ТЖД.