Қазақстан мен Қырғызстанның қорғаныс министрлері өңірлік қауіпсіздік мәселесін талқылады

Руслан Жақсылықов Қырғызстан астанасына жұмыс сапарымен барды

Sarbaz.kz редакторы
22/08/2023 - 21:23

Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Қырғызстан астанасы Бішкекке жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қорғаныс ведомстволарының басшылары генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен генерал-лейтенант Бақтыбек Бекболотов Жеңіс алаңындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, қаза тапқан сарбаздарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Осы күні қорғаныс министрлерінің кездесуінде тараптар өңірлік қауіпсіздік мәселелерін және екіжақты ынтымақтастықтың келешек көкжиегін талқылады.

Ыстықкөл облысының Балықшы қаласындағы «Эдельвейс» оқу-жаттықтыру орталығында «Эрдик» бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы өтіп жатыр.

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4