Қарағандыда әскери кафедра курсанттары оқу-жаттығудан өтіп жатыр

«Спасск» оқу-жаттығу орталығында әскери кафедра курсанттарын даярлау деңгейі анықталмақ

Аян Кайырбаев
15/06/2024 - 11:30

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Осы мақсатта Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттерімен қорытынды оқу жиыны ұйымдастырылды. Онда 500-ден аса адам сынақтан өтуде, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Жиынға қатысушылар атыс қаруы мен әскери техниканың қару-жарағынан іс жүзінде оқ ату жаттығуларын орындап, жауынгерлік машиналарды жүргізуден нормативтер тапсырады. 

Әскери кафедрада екі жыл оқыдым. Жиында әскери техника мен қару-жарақты қолдану мен оны ұстаудың практикалық дағдылары бекітілді. Сондықтан мұндай жиынның пайдасы зор, – деп атап өтті курсант Александр Азаров.

Жиын аяқталғаннан кейін емтихандарды сәтті тапсырған студенттер әскери ант береді. Ал жоғары оқу орнын бітіргендерге запастағы «лейтенант» және «сержант» алғашқы әскери атақтары берілетін болады.

Қарағанды техникалық университетінің әскери кафедрасында оқыту үш цикл бойынша өтеді. Атап айтқанда, «артиллерияны жауынгерлік қолдану», «танк бөлімшелерін жауынгерлік қолдану» және «арнайы әскерлерді жауынгерлік қолдану» бойынша жүргізіледі.

Әскери кафедра 1953 жылы сол кездегі Қарағанды тау-кен институтының базасында құрылғанын айта кету керек. Осы уақыт ішінде мұнда 22 мыңнан астам запастағы офицер мен сержант оқыды. Олардың көпшілігі ҚР Қарулы күштерінде және басқа да күш құрылымдарында абыройлы қызмет атқарып жүр.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85