Ресей Авдеевканың батысындағы Новопокровское ауылын басып алды

Соғысқа дейін Новопокровскийде 60-қа жуық адам тұрған

Админ
14/06/2024 - 12:42

Фото: Bild

Фото: Bild

Ресей әскері Авдеевканың батысындағы Новопокровское ауылын басып алды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Аталмыш басылымның сарапшысы Юлиан Репкенің айтуынша, соғысқа дейін Новопокровскийде 60-қа жуық адам тұрған. Ресей Қарулы Күштері Украинаның Бердычи – Семеновка – Орловка – Тоненькое қорғаныс шебін бұзып өткеннен кейін шығыстан, сондай-ақ солтүстік-шығыстан Очеретин төңірегіндегі плацдармды кеңейтіп, оған шабуыл жасады.

«Ресей басқыншы күштері Авдеевкадан солтүстік-батысқа қарай 15 шақырым жерде орналасқан Новопокровскийді басып алды. Олар Донецк облысындағы ауыл-ауылдарды (аптасына 1-3) басып алып, жылдам алға жылжып барады. Әзірге Украина күштері оларды тоқтатудың жолын таба алмай отыр», - деп жазады Репке.

Айта кетейік, Ұлыбританияның барлау қызметі бірер күн бұрын Ресей әскері Часов Яр қаласының оңтүстігінде орналасқан Ивановское ауылын басып алғанын, қазір бұл маңайда ауыр шайқастар жүріп жатқанын мәлім етті.

«Часов Яр үстірттегі стратегиялық орналасуына, сондай-ақ бұрын Украина қарулы күштері үшін логистикалық хаб ретінде пайдаланылуына байланысты Ресей үшін маңызды нысана болуы мүмкін», - делінген барлау қызметінің мәлімдемесінде.

Тегтер

×

Редакция

$ 478.93  534.96  5.16