Осы типтегі артиллериялық жүйелер Украина майданындағы шайқастар кезінде үлкен шығынға ұшырады
Ресей өздігінен жүретін «Мста-С» гаубицаларының 30 пайызын жоғалтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Defence24-ке сілтеме жасап.
«Мста-С» – бұл Ресей Федерациясының ең заманауи әрі жаппай шығарылған өздігінен жүретін артиллериялық гаубицасы. Халықаралық стратегиялық зерттеулер институты Тhe Military Balance 2024 есебіне сәйкес, Ресей Федерациясында барлығы 786 өздігінен жүретін МСТА-С/Мста-СМ/СМ2 гаубицасы болған.
Қазіргі уақытта көрнекі материалдар шамамен 199 «Мста-С» артиллериялық гаубицасының және 44 «Мста-СМ2» артиллериялық гаубицасының, жалпы 243 бірліктің жоғалғанын растады. Бұл бастапқы жағдаймен салыстырғанда 30,9 пайызды құрайды.