Ресей әскері ирандық дрондармен шабуыл жасауы мүмкін
Украина территориясының басым бөлігінде дрондар соққысы мен авиация қаупіне байланысты әуе дабылы жарияланды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Осыған дейін әуе күштері Украинаның түрлі аймақтарындағы «шахед» дрондарының бірнеше тобы ұшырылғанын, сондай-ақ ресейлік бомбалаушылардың қаупі туралы хабарлады.
Ал осы уақытта Запорожье облыстық әскери әкімшілігінің төрағасы Иван Федоров өңірде жарылыс болғаны туралы мәлімдеді. Украиналық БАҚ Харьковте жарылыстар қаупі туралы да хабарлады.