Литва Украинаға 14 бронетранспортер береді

Әскери көмек Украинаға осы аптаның соңына дейін жетеді деп күтіліп отыр

Админ
13/06/2024 - 17:54

Фото: kam.lt

Фото: kam.lt

Литва үкіметі Украина қарулы күштеріне М113 бронетранспортерлерінің 14 данасын беру туралы шешімді мақұлдады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Литваның қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әскери көмек Украинаға осы аптаның соңына дейін жетеді деп күтіліп отыр.

«Берілген бронетранспортерлер Украина қарулы күштерінің миналардан тазарту әлеуетін нығайтуға арналған және Литваның Исландия басқаратын миналарға қарсы коалициясы жұмылдырған көмекке өтеусіз үлесі болып саналады», - делінген хабарламада.

Сол сияқты әскери көмек Украина тарапының сұрауы негізінде беріліп отырғаны айтылды.

Ведомство мәліметінше, ұлттық қорғаныс министрі Л.Кастиунас Брюссельде Украина қорғаныс байланыс тобының және НАТО-Украина кеңесінің отырыстарына қатысады, онда Украинаның әскери қолдау қажеттілігі талқыланады, одақтастардың соңғы көмек жоспарлары таныстырылады.

×

Редакция

$ 495.2  522.34  4.94