Еуропа Одағының соты Венгрияға ірі көлемде айыппұл салды

Сот Венгрияның 2020 жылы қажетті шаралар қабылдамағанын анықтады

Админ
13/06/2024 - 15:42

Фото: Shutterstock

Фото: Shutterstock

Венгрияға «Еуропа Одағының саяси баспана беру ережелерін жүйелі түрде бұзғаны үшін» ауыр айыппұл салынды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Еуропалық сот Венгрияны Еуроодақтың бассауғала үшін баспана беру ережелерін сақтамағаны себепті кешіктірілген әрбір күнге 1 миллион еуро айыппұл және қосымша 200 миллион еуро төлеуге міндеттеді.

2020 жылдың желтоқсанында сот Будапешт блоктың халықаралық қорғауды қамтамасыз ету және заңсыз мигранттарды қайтару жөніндегі саясатын орындамады деген шешім шығарды.

«Сот Венгрияның 2020 жылғы шешімді орындау үшін қажетті шараларды қабылдамағанын анықтады. Жалпы Еуропа Одағының ортақ саясатын қолданудан әдейі жалтарудан тұратын бұл әрекет бұрын-соңды болмаған оқиға және еуропалық құқықты өте ауыр бұзу болып саналады».

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91