Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ибрагим Даукесұлы Күлшімбаев берген өтінішіне сәйкес ҚР Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Ибрагим Күлшімбаев 1972 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.
1994 жылы Қарағанды политехникалық институтын, 2004 жылы Ресей ТЖМ Азаматтық қорғау академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1994 жылы Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Амантау кеңшарында автопарк механигі болып бастаған.
- 1996-1999 жылдары — ҚР Қорғаныс министрлігі 1-армия корпусы 78 танк дивизиясы 143 танк полкінің штаб бастығының орынбасары, танк взводының командирі.
- 2000-2004 жылдары — ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімі рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары.
- 2004-2005 жылдары — Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар басқармасы Дайындық және оқыту орталығының бөлім басшысының орынбасары.
- 2005 жылдан бастап 2009 жылға дейін Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымында жұмыс істеді.
- 2009-2013 жылдары ҚР ТЖМ 52859 әскери бөліміне басшылық етті.
- 2013-2016 жылдары — Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары.
- 2016-2020 жылдары Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қызметін атқарды.
- 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі қызметін атқарды.