Төрт жетім баланың Украинада түсірілген фотосуреттері жарияланған
Украинада соғыс жүріп жатқан аймақтардан ұрланған балалар Ресейде интернет арқылы асырап алуға берілмек. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылым мәліметінше, Usynovite.ru сайтында 8-15 жас аралығындағы төрт жетім баланың Украинада түсірілген фотосуреттері жарияланған. Бірінің есімі сәл өзгертілген, ал екіншісінің аты мен туған күні мүлдем басқаша көрсетілген.
Қазіргі уақытта Ресей Федерациясында жетім баланы асырап алуға беру кезінде біржолғы жәрдемақы 24 604 рубльді құрайды, яғни шамамен 250 еуро.
Украиналық балалардың қорғаушылары төрт баланың жеке басын растады. Украинадағы туыстары олардың отанына оралуына кедергі келтірмеу үшін түсініктеме беруден бас тартты. Киевтің мәліметінше, 2022 жылдың ақпанынан бері Ресей кем дегенде 19 500 баланы ұрлап кеткен. Содан бері 400-ге жетер-жетпес бала ғана үйіне оралды.
Суретте: 2022 жылы Мариуполь ауруханасындағы украиналық балалар туыстарының алып кетуін күтіп отыр.