Латвия артиллериялық оқ-дәрі шығаруды жоспарлап отыр

Қорғаныс министрінің айтуынша, бұл Украинаны қолдау үшін де маңызды

Админ
13/06/2024 - 14:18

Фото: Reuters

Фото: Reuters

Латвия НАТО-ның негізгі калибрлі – 155 мм артиллериялық оқ-дәрі шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы елдің қорғаныс министрі Андрис Спрудс Брюссельде НАТО министрлерінің кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап.

«Біздің халықаралық серіктестеріміз – Nammo, Nexter, Simmel италиялық, финляндиялық, норвегиялық және франциялық серіктестермен бірге жоба заряд үлгісін Латвияда шығарады», - деді Спрудс.

Оның айтуынша, бұл Украинаны қолдау үшін ғана емес, НАТО елдері өз қорғанысын күшейту үшін оқ-дәрі өндірісін арттыру қажет.

Артиллериялық снарядтар үшін зарядтар көбінесе корпустардан және өзіге бөліктерінен бөлек шығарылады. АҚШ-та 155 калибрлі снарядтардың өндірісі осылай ұйымдастырылады.

Тегтер

×

Редакция

$ 498.55  524.28  4.75