Иран да бұл процеске қатысуы мүмкін
АҚШ-тың барлауы қызметі Ресей АҚШ-тағы сайлауға әсер етіп, Украинаға қолдауды әлсіретуге тырысатынын мәлімдеді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
АҚШ-тың Ресей бастаған қарсыластарының саны артып келеді. Олар қарашадағы президенттік сайлауға жалданған коммерциялық фирмалар мен генеративті жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы ықпал етуге ұмтылуда, деп жазады Bloomberg АҚШ шенеуніктеріне сілтеме жасап.
АҚШ ұлттық барлау директоры кеңсесі өкілдерінің айтуынша, алдағы сайлауға ең үлкен қауіп Ресей тарапынан төніп тұр.
Олардың пікірінше, Мәскеу дауыс беруді Украинаға қолдауды әлсірету және демократиялық институттар мен жалпы АҚШ-тағы сенімге нұқсан келтіру сияқты жаһандық мақсаттарға жету мүмкіндігі ретінде қарастыруы мүмкін.
Бұл үшін Мәскеу АҚШ қоғамындағы қайшылықтарды пайдалануы мүмкін, деп есептейді барлау қызметкерлері.
Иран да бұл процеске қатысуға ниетті, ал Қытай әзірге сақтық танытып отыр, себебі сайлауға араласудың ықтимал салдарын біледі, дейді Bloomberg сұхбатшылары.