Ресейдің тыйым салынған активтерінен Украинаға 50 млрд доллар беріледі

Келісім осы аптада Италияда өтетін G7 саммитінде бекітіледі

Админ
13/06/2024 - 11:44

Фото: Ефрем Лукацкий / AP

Фото: Ефрем Лукацкий / AP

«Үлкен жетілік» елдерінің басшылары биыл жыл соңына дейін Ресейдің тыйым салынған активтерінен Украинаға 50 миллиард доллар бөлуге келісім берді. Бұл туралы AFP агенттігі Франция президентінің кеңсесіне сілтеме жасап жазады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Соңғы келісім осы аптада Италияда өтетін G7 саммитінде бекітіледі.

Осыған дейін АҚШ Украинаға бұғатталған ресейлік активтерден түсетін болашақ табыс кепілімен несие беруді ұсынған. АҚШ бұл ақшаны Киев осы жазда алады деп үміттенген. Алайда, Politico басылымының мәліметінше, Еуропада АҚШ-тың бұл ұсынысы оларға ерекше жарнама әкеледі және барлық шығынды өздері ғана көтереді деп қорқады.

Айта кетейік, мамыр айында тыйым салынған активтердің бір бөлігін беруді Еуроодақ елдері мақұлдаған. Атап айтқанда, Киев 2024 жылы 3 миллиард еуроға дейін алуы мүмкін. 1,5 миллиард еуро көлеміндегі бірінші транш шілде айында беріледі деп күтіліп отыр. Бұл қаражаттың 90 пайызы әскери қажеттіліктерге, 10 пайызы елді қалпына келтіруге жұмсалады.

Осыған дейін Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Сауд Жиддада Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуінде «Сауд Арабиясы бұл дағдарысты шешуге бағытталған барлық халықаралық күш-жігерге мүдделілігі мен қолдауын» растады.

Тегтер

×

Редакция

$ 480.61  534.53  5.28