Әскери прокуратура: Министрлікке құны 5 млрд теңгеден асатын қорғаныс нысаны қайтарылды

Ол 20 жыл бойы жеке тұлғаның сенімгерлік басқаруында болған

Админ
13/06/2024 - 10:57

Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Биыл әскери прокуратура органдарының белсенді жұмысының нәтижесінде сомасы 6 миллиард теңгеден астам мүлік мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Sarbaz.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, Бас әскери прокурордың талабы бойынша Жоғарғы сотпен құны 5 миллиард теңгеден асатын Қорғаныс министрлігінің қорғаныс нысаны қайтарылды.

«Алматы қаласында көлемі 16 мың шаршы метрден асатын 10 қоймадан, 2 әкімшілік ғимараттан, 2 өндірістік цехтан тұратын мүліктік кешен 20 жыл бойы жеке тұлғаның сенімгерлік басқаруында болған.

Қазіргі уақытта қайта тіркеу рәсімі жүріп жатыр, одан кейін нысан қорғаныс қажеттіліктері үшін пайдаланылады.

Сондай-ақ, қадағалау актілері бойынша құны 180 миллион теңге болатын 22 жер телімі армияға қайтарылды.

Сонымен қатар, 25 жылдан астам заңсыз иелікте болған, жалпы құны 400 миллион теңгені құрайтын 200-ден астам қызметтік пәтер мемлекет балансына қойылып, олар тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерге таратылады», - делінген хабарламада.

×

Редакция

$ 495.2  522.34  4.94