НАТО-ның бағалауы бойынша Германияға тағы 200 мыңдай әскери қажет
Германияның қорғаныс министрі Борис Писториус Ресей бес жылдан кейін НАТО-ға шабуыл жасайды деп мәлімдеді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Берлинде өткен баспасөз мәслихатында Германияның қорғаныс министрі Борис Писториус «қауіпті жағдай бірнеше жыл бұрынғымен салыстырғанда күшейе түсті» деді. Осылайша, ол Германиядағы міндетті әскери қызметті қайтару қажеттілігін баса айтты.
«Біз 2029 жылы Ресей НАТО елдерінің біріне шабуыл жасайды деп болжап отырмыз. Сондықтан жеке құрамға қатысты шешім қабылдануы керек», - деді Писториус.
Оның айтуынша, жақын арада бундесвердің санын 181 мың адамнан 203 мыңға дейін арттыру керек. Сонымен қатар, НАТО-ның бағалауы бойынша Германияға тағы 200 мыңдай резерв қажет.
Писториус өз сөзінде Бундесвер «ең күшті, жеткілікті дайындалған және ынталы» сарбаздарды жалдағысы келетінін атап өтті.
«Біз қызықсыз және мағынасыз әскери қызметті қаламаймыз», - деп түйіндеді ол.
Писториустың ұсынысы Германияда міндетті әскери қызметті қалпына келтіруге бағытталған алғашқы қадам болып саналады. Қорғаныс министрлігінің жоспары бойынша жыл сайын 400 мың жас жігіт әскери қызметке қатысты тиісті сауалнаманы толтырады. Ал олардың төрттен бірі әскерде қызмет етуге қызығушылық танытады деп болжанып отыр.