Барлау мәліметі: Ресей Украинаның тағы бір ауылын басып алды

Қалалық жерлерде ауыр шайқастар жүріп жатыр, делінген хабарламада

Админ
12/06/2024 - 16:54

Фото: РИА Новости

Фото: РИА Новости

Ұлыбританияның әскери барлау қызметі майдандағы оқиғалар туралы соңғы мәліметінде ресейлік күштер Часов Яр қаласының шығыс шетінде жаңа серпіліске қол жеткізген болуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ресей армиясы Часов Ярдың оңтүстігінде орналасқан Ивановское ауылын да басып алды, деп жазады британдық әскерилер.

Қалалық жерлерде ауыр шайқастар жүріп жатыр, делінген хабарламада.

Сонымен бірге, Ресей әскері Часов Яр арқылы өтетін және шабуылға кедергі болатын каналдың шығыс жағында болуы мүмкін.

Британияның әскери барлау қызметі Ресей Часов Ярдағы шабуыл үшін жаяу әскерін пайдаланып жатқанын, олардың шығыны әлі де жоғары екенін атап өтті. Ал Украина қарулы күштері елді мекендерге термобарикалық оқ-дәрі арқылы артиллериялық соққы жасалып жатқанын хабарлады.

«Часов Яр үстірттегі стратегиялық орналасуына, сондай-ақ бұрын Украина қарулы күштері үшін логистикалық хаб ретінде пайдаланылуына байланысты Ресей үшін маңызды нысана болуы мүмкін», - деп жазады баяндама авторлары.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91