Қазақстанның арнайы жасағы АҚШ-та дайындалып жатыр

Оқу-жаттығу елдер арасындағы әріптестікті арттырып, ортақ қауіпке бірге қарсы тұру шараларын пысықтауға арналған

Нұрдәулет Кәкіш
22/08/2023 - 17:53

АҚШ-тың Монтана штатында «Аймақтық әріптестік-23» әскери жаттығуы өтіп жатыр. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және АҚШ арнайы жасақтары қатысуда. Бұл туралы ақпарат АҚШ Орталық әскери басқармасының сайтында жарияланды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Әскери жаттығуға АҚШ тарапынан 5 штаттың ұшқыштары мен арнайы жасақ өкілдері қатыстырылуда.

«Оқу-жаттығу елдер арасындағы әріптестікті арттырып, ортақ қауіпке бірге қарсы тұру шараларын пысықтауға арналған», - делінген хабарламада.

Форт-Харрисон базасында өтіп жатқан жаттығу барысында 230-дан аса сарбаз әскери білімін арттырып, артынша халықаралық қауіпсіздікке төнген қатерге бірге қарсы тұру сценарийлерін пысықтап, жаттығудың тікелей қарқынды фазасын іске асырады.

«Жаттығу барысында қатысушы тараптар әскери білімін арттырып, халықаралық қауіпсіздік мәселелерін талқылап, жаппай қырып-жою қаруы қолданған сәтте қорғану және оның алдын алу тәсілдерін үйреніп, халықаралық терроризмге бірлесе күресуді күшейтіп, ақпарат алмасу аясын кеңейтуді үйлестіреді», - делінген сайттағы хабарламада.

Тегтер

×

Редакция

$ 474.26  514.48  5.43