АҚШ Ресейге жаңа санкциялар салатын болды

Жаңа санкциялар G7 саммитінде хабарланады

Админ
12/06/2024 - 15:48

Фото: hse.ru

Фото: hse.ru

АҚШ осы аптада Италияда өтетін G7 саммиті кезінде Ресейге қарсы жаңа санкцияларды жариялайды және экспорттық бақылауларды күшейтетінін айтады. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джон Кирби мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Вашингтон Ресейге көмектесетін ұйымдар мен желілерге арналған жаңа санкциялар мен экспорттық бақылауды енгізеді.

«Біз ресейлік әскери машинаның құнын көтеруді жалғастырамыз», - деді Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесіндегі стратегиялық коммуникациялар жөніндегі үйлестірушісі.

Сонымен бірге, Кирбидің айтуынша, АҚШ G7 саммитінде Ресейге тиесілі активтерді пайдалану арқылы Украинаға көмектесу шараларын жариялайды. G7 көшбасшылары Киевке көмектесу үшін Ресей Орталық банкінің 300 миллиард еуроға тең активтерінің пайыздық кірісін пайдалану туралы келісімге келеді деп үміттенеді. Негізгі мақсат – пайданы 50 миллиард долларға дейінгі несиелер үшін кепіл ретінде пайдалану.

Сол сияқты Жапония премьер-министрі Фумио Кисида да Италияда өтетін G7 саммитінде жаңа экспорттық санкцияларды енгізу жоспарын ұсынуға дайындалып жатқаны хабарланды. Олар Ресейдің әскери өнеркәсібінде қолдануға болатын тауарларды жеткізетін компанияларға, әсіресе қытайлық компанияларға қарсы бағытталады.

Айта кетейік, 13-15 маусымда Италияның оңтүстігіндегі Бриндизиде әлемдегі ең дамыған жеті елдің (Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, АҚШ, Франция және Жапония) 50-ші саммиті өтеді.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85