Акцияны ұйымдастырушылар арасында «Медиазона», «Медуза», «Дождь», сондай-ақ «Популярная политика» және «Навальный Live» сынды ФБК жобалары бар
Ресейдің тәуелсіз медиасы ФБК-мен бірге «Сен жалғыз емессің» деп аталатын саяси тұтқындарды қолдау марафоны өткізді. Акцияны ұйымдастырушылар арасында «Медиазона», «Медуза», «Дождь», сондай-ақ «Популярная политика» және «Навальный Live» сынды ФБК жобалары бар. Марафон таңғы сағат 9.00-ден басталды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.
«Полярный круг» колониясында қайтыс болған ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың әйелі Юлия Навальная акцияға қатысуға шақырды.
«Ресейде саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар үшін бірыңғай хабар тарату және қайырымдылық жинау ұйымдастырылады. Міндетті түрде қосылыңыз!» – деп жүгінді ол желі қолданушыларына әлеуметтік желілер арқылы.
Ресейлік саяси тұтқындарды қолдау марафоны екінші рет өтуде. Навальный командасы 2023 жылы науқан кезінде шамамен 40 миллион рубль жиналғанын хабарлады. Бұл қаражаттың көп бөлігі тұтқындарға, олардың туыстарына және қуғын-сүргіннен қашқандарға аударылды. Қайырымдылық арқылы айыппұлдар мен адвокаттардың жұмысы да төленді. Сонымен қатар ақшаның бір бөлігі саяси тұтқындарды қолдайтын ұйымдарға аударылды.