ҰҚК халықаралық есірткі арнасының жолын кесті

Трансұлттық есірткі тобының мүшелері ұсталды

Админ
12/06/2024 - 12:43

Фото: ҚР ҰҚК

Фото: ҚР ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті көршілес мемлекеттердің арнайы қызметтерімен бірлесіп, халықаралық есірткі трафигінің арнасының жолын кесті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

250 литр «метамфетамин» есірткі заты түріндегі заңсыз жүк түрлі брендтердің сусындарында жасырылып, Қазақстан аумағы арқылы транзитпен Ресейге бағытталған.

Өзара әрекеттестік нәтижесінде Мәскеу облысында аталған тауарды беру кезінде трансұлттық есірткі тобының 2 мүшесі ұсталды.

Сондай-ақ, ұсталған адамдардан сұйықтықтан есірткі алуға арналған жабдық тәркіленді.

Осы жылдың басынан бері ҰҚК шетелдік әріптестермен бірлесіп 19 халықаралық есірткі арнасының жолын кесті, заңсыз айналымнан 400 кг астам есірткі заттары мен 4 тонна көкнәр сабаны тәркіленді.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85