Ресей Украинадағы энергетика жүйесінің жартысын жойып жіберді – Зеленский

Ол өз сөзінде серіктестерін энергияны қалпына келтіруге көмектесуге шақырды

Админ
12/06/2024 - 11:24

Фото: Bild

Фото: Bild

Владимир Зеленский Ресей Федерациясының Украинадағы энергетика жүйесінің жартысын жойғанын мәлім етті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ресейдің энергетикалық нысандарға соққы беруі нәтижесінде 9 гигаватт қуат жойылды, деп мәлімдеді Украина президенті Владимир Зеленский Берлинде өткен конференцияда.

«Өткен қыста Украинада энергия тұтынудың ең жоғары деңгейі 18 гигаватты құрады. Қазір оның жартысы жойылды.

9 гигаватт дегеніміз не? Берлин шамамен 2 гигаватт тұтынады. Мюнхен – 3 гигаватқа дейін. Біз қазірдің өзінде ірі қалалар тұтынатын энергия көлемінен бірнеше есе көп жоғалттық. Украинадағы жылу генерациясының 80%-ы, гидрогенерацияның үштен бірін Путин жойып жіберді», - деді Зеленский.

Ол өз сөзінде серіктестерін энергияны қалпына келтіруге көмектесуге шақырды.

Шольц Украинаны ресейлік шабуылдардан қорғау үшін Германия «үшінші Patriot әуе қорғаныс жүйесін, сондай-ақ Iris TSLM әуе қорғаныс жүйесін, Gepard зениттік танктерін, зымырандарды және артиллериялық оқ-дәрілерді» жеткізетінін атап өтті.

Өз кезегінде Зеленский Германияға көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты, бірақ Украинаға кем дегенде тағы жеті Patriot жүйесі қажет екенін атап өтті.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91