ХАМАС АҚШ-тың ұсынысын қолдайтынын мәлімдеді
ХАМАС АҚШ-тың Газадағы атысты тоқтату жоспарына жауап жібергенін мәлімдеді. Ұйымның жоғары лауазымды шенеунігі Израильден атысты тоқтатуды талап ететінін айтты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Мәлімдемеде ХАМАС пен оның палестиналық одақтастары келісімге келуге дайын екендерін білдірді.
Ал Reuters агенттігі израильдік шенеунікке сілтеме жасап, ХАМАС кепілге алынғандарды босату туралы ұсыныстан бас тартқанын айтты.
АҚШ президенті Джо Байден ұсынған және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мақұлдаған жоспар атысты тоқтатуды, сондай-ақ ХАМАС тұтқынындағы израильдіктерді және Израиль түрмелеріндегі палестиналық тұтқындарды босатуды көздейді.
Израиль мен ХАМАС арасындағы келіссөздерге АҚШ-пен бірге арағайындық жасап жүрген Қатар мен Мысыр Палестина тобының ұсыныстарға жауап бергенін растады.
Сейсенбі күні кешке жасаған мәлімдемесінде ХАМАС Газадағы шайқастарды «толық тоқтатуға» шақырды.
«Бұл жауап Палестина халқының мүддесін бірінші орынға қояды және Газадағы агрессияны толығымен тоқтату қажеттілігін көрсетеді», - делінген ХАМАС мәлімдемесінде.
Олар «соғысты аяқтайтын келісімге қолжеткізу үшін өзара әрекеттесуге» дайын екенін білдірді.
Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Джон Кирби өз сөзінде Вашингтон ХАМАС-тың жауабы мен топтың ұсынысын зерттеп жатқанын айтты.
Осыған дейін сейсенбі күні АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Газадағы атысты тоқтату жоспарын қолдайтынын, әлем ХАМАС-тың жауабын күтіп отырғанын айтты.
АҚШ президенті Джо Байден ұсынған жоспар үш кезеңнен тұрады.
БІРІНШІ КЕЗЕҢ
ЕКІНШІ КЕЗЕҢ
ҮШІНШІ КЕЗЕҢ
Айта кетейік, жуырда Израиль әскері 4 азаматын құтқару үшін жүздеген палестиналықты өлтіргені туралы хабарланған.
ХАМАС бақылауындағы денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, Газадағы соғыс 36 700-ден астам палестиналықтың өмірін қиды, олардың есебінде бейбіт тұрғындар мен жауынгерлер де бар. Алайда бұл деректердің растығын тексеру мүмкін емес.