Ресей мен Беларусь ядролық жаттығулардың екінші кезеңін бастады

Ресей Федерациясындағы ядролық жаттығулардың бірінші кезеңі 21 мамырда басталған болатын

Админ
11/06/2024 - 17:52

Фото: РФ Қорғаныс министрлігі

Фото: РФ Қорғаныс министрлігі

Ресей мен Беларусь стретагиялық емес ядролық күштер жаттығуларының екінші кезеңін бастады. Бұл туралы Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі өзінің ресми Telegram арнасында жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

«Оқу-жаттығу барысында Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімдерін стратегиялық емес ядролық қаруды жауынгерлік қолдануға бірлесіп дайындау мәселелері пысықталатын болады. Оқу-жаттығулар одақтас мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын сөзсіз қамтамасыз ету мақсатында Ресей мен Беларусьтің стратегиялық емес ядролық қаруын жауынгерлік қолдану бөлімдерінің жеке құрамы мен техникасының дайындығын қолдауға бағытталған», – делінген Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Ресей Федерациясындағы ядролық жаттығулардың бірінші кезеңі 21 мамырда басталды. Қорғаныс ведомствосының хабарлауынша, «Искандер» кешендері мен «Кинжал» гипердыбысты зымырандары тартылған. Министрлік жаттығудың басталуын «Ресей Федерациясына қарсы жекелеген Батыс шенеуніктерінің арандатушылық мәлімдемелері мен қоқан-лоққыларымен» байланысты екенін негізге алды.

Бұған дейін Владимир Путин Ресейдің ядролық доктринасының өзгеруін жоққа шығармады, оны «тірі құрал» деп атады. Ол Ресей Федерациясының «ядролық қарумен айналыспайтынын» мәлімдеді, бірақ кейінірек Еуропаның бұл мәселеде «азды-көпті қорғансыз» екенін тілге тиек етті. Дегенмен Путин «бұл ядролық соққыларға ешқашан жеткізбеу керектігін» атап өтті.

2023 жылдың маусымында Владимир Путин Александр Лукашенкомен кездесу барысында Ресей сол жылдың шілдесінде Беларусь аумағында өзінің ядролық қаруын орналастыруды жоспарлап отырғанын айтты. Кейінірек Беларусь басшысы қару-жарақ ел аумағына жеткенін мәлімдеді. 2024 жылдың наурызында Foreign Policy журналы дереккөздерге сілтеме жасап, батыстық барлау Ресей Федерациясының тактикалық ядролық қаруды Беларусьқа көшіргенін растады деп жазды.

×

Редакция

$ 522.49  547.88  5.06