Малави вице-президенті мінген ұшақ радардан жоғалып кетті

Ұшақ бортында вице-президенттен бөлек тағы тоғыз адам болған

Админ
11/06/2024 - 15:38

Фото: Euronews

Фото: Euronews

Малави мемлекетінің вице-президенті мінген ұшақ радардан жоғалып кетті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттік мәліметінше, жоғалған ұшақты іздеу нашар көріну жағдайына қарамастан жүргізіліп жатыр. Бірқатар ел Малавиге өз көмегін ұсынды.

Малави вице-президенті мен тағы тоғыз адам мінген әскери ұшақ жоғалып кетті. Іздеу жұмысы ауа райына қарамастан жүргізіліп жатқаны туралы ел президенті Лазарус Чаквераның кеңсесі мәлімдеді.

51 жастағы вице-президент Саулос Чилима мінген ұшақ ел астанасы Лилонгведен көтеріліп, солтүстікке қарай бағыт алып, 370 шақырым жерде орналасқан Мзузу халықаралық әуежайына 45 минуттан кейін қонуы тиіс болатын.

«Ол радардан жоғалып кеткеннен кейін ұшақпен байланыс орнатудың барлық әрекеті сәтсіз болды», - делінген мәлімдемеде.

АҚШ, Ұлыбритания, Израиль және Норвегия Малавияның жоғары лауазымды шенеуніктері мінген ұшақты іздеуге өз көмегін ұсынып үлгерді.

Тегтер

×

Редакция

$ 474.83  515.38  5.5