Өткізу бекеттерінде құрылыс жұмысы жүріп жатыр
Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу бекеттерінің жұмысы туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы Sarbaz.kz ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, Өзбекстан Республикасымен шекарадағы жекелеген өткізу пунктерінде адамдар мен көлік құралдарының жиналуы тіркеліп жатыр.
«Жібек жолы» өткізу пунктінде бұл іргелес аумақтағы «Гишт Куприк» БӨП-те құрылыс жұмыстары мен жол төсемінің кеңейтілуіне байланысты.
Сондай-ақ қазақстандық «Тәжен», «Атамекен» және «Қазығұрт» шекаралық өткелдерінде қайта жаңарту жүргізілуде, ал «Қапланбек» бақылау өткізу пункті осы себептермен жабық.
Мемлекеттік шекара арқылы басқа өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеуде. Өз маршруттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - делінген ҰҚК хабарламасында.