Владимир Зеленский Германияға барды

Ол Германия канцлерімен және президентімен кездеседі

Админ
11/06/2024 - 15:18

Фото: Maksym Muzychenko-Kishka/Reuters

Фото: Maksym Muzychenko-Kishka/Reuters

Зеленский Германияға Украинаны қалпына келтіру жөніндегі халықаралық конференцияға қатысу үшін барды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Украина президенті Владимир Зеленский Германия канцлері Олаф Шольцпен бірге конференцияны ашқаннан кейін Бундестагта сөз сөйлейді Ары қарай Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен және Бундестаг төрағасы Барбель Баспен кездесулер өткізеді.

Бұл конференция Украинаға арналған саммиттер сериясының бастамасы болып саналады. Одан кейін Италияда G7 саммиті, ары қарай Швейцарияда бейбітшілік конференциясы өтеді.

10 маусым күні кешке Зеленский Берлинге келген кезде 147 метрлік Берлин радио мұнарасы Украинамен ынтымақтастық белгісі ретінде Украина туының түстерімен жарықтандырылды.

Бүгін Waldorf Astoria Berlin қонақүйінде полиция мен жедел жәрдем көліктері кезекшілік етуде. Себебі, Украина президенті Зеленский және түрлі елдердің басқа да мемлекеттік қызметкерлері осы жерде.

Тегтер

×

Редакция

$ 474.83  515.38  5.5