«10 күнде 8 адам қаза болды»: құтқарушылар шомылу маусымына байланысты үндеу жасады

Еліміздің су айдындарында шомылуға рұқсат етілген 612 орын бар

Админ
11/06/2024 - 12:52

Фото: ҚР ТЖМ

Фото: ҚР ТЖМ

Судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында ТЖМ қызметкерлері белсенді профилактикалық жұмыс жүргізуде. Құтқарушылар осыған байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінгі күні еліміздің су айдындарында шомылуға рұқсат етілген 612 орын бар. Еліміздің су айдындарында суға шомылуға болмайтыны және тыйым салынғаны туралы 6 587 ескерту белгісі  орнатылған.

«Шомылу маусымы басталғанға дейін ІІМ, әкімдіктер және еріктілермен бірлесіп 20 мыңнан астам патрульдеу мен рейд жүргізілді. Рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде заң талаптарын бұзған 525 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шомылу маусымы басталғаннан бері Қазақстан ТЖМ құтқарушылары 13 адамды құтқарды. Алайда, жазғы кезеңнің бірінші онкүндігінде судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан 8 азаматтың қаза болу фактілері тіркелді, оның 4-і кәмелетке толмаған балалар. Осыған байланысты ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов бақылау шараларын күшейтуді және су айдындарында сағат сайын рейд жүргізуді тапсырды», – дейді министрлік.

Суға түскенде мынадай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек:

  • Рұқсат етілген, қауіпсіз су қоймаларында демалыңыз.
  • Балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдырмаңыз және ересектердің еріп жүруінсіз, олардың шомылуына жол бермеңіз.
  • Бейтаныс және шомылуға жабдықталмаған жерлерде, сондай-ақ «Шомылуға тыйым салынады», «Сүңгуге тыйым салынады», «Қауіпті», «Су иірімі» белгілері орнатылған жерлерде шомылуға болмайды.
  • Мас күйінде шомылуға болмайды.
  • Жүзу шекараларын белгілейтін буйкалардан асып, ары қарай жүзуге болмайды.
  • Шағын көлемді кемелерге және басқа жүзу құралдарына жақын жүзуге болмайды.
  • Тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге болмайды.
  • Жүзуге арналмаған заттармен жүзуге болмайды.
  • Қайықтардан, айлақтардан, табиғи түзілімдерден (жартастар,  тастар, парапеттер, қоршаулар және басқа да заттар), сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секірмеңіз.
×

Редакция

$ 452.92  484.99  5.12